+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

2020 жылғы 21 қаңтар 03:27
Бөлісіңіз:
Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда тағлымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сот төрелігі академиясының сайтына сілтеме жасап.

Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды.

Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда желіде шетелде тағлымдамадан өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео жарияланған болатын.

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясында аталған магистранттарға қатысты видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссия құрылған болатын.

«Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешуге тексеріс қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шетелдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген баспасөз баянында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT