Германияда белгісіз біреулер бірнеше адамды пышақтап кетті

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның Ханау қаласында біреулер көшеде жүрген бірнеше адамға пышақ салған. Зардап шеккендердің төртеуі қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Focus.de жазуынша, оқиға сейсенбі, 28 сәуір күні болған.

Ер адамдардың бұл әрекетіне не себеп болғанын белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылға бес-жеті адам қатысқан. Әзірге 23 және 29 жастағы екі күдікті ұсталды. Қалғандары қашып кеткен.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар