Германияда 94 жастағы қарияны 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 1944 жылы Освенцим концлагерінде қызмет еткен бұрынғы санитарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 681 адамның өліміне жанама болса да жауапты деп айыпталып отыр. BBC News-тің хабарлауынша, 94 жастағы бұрынғы санитар енді 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Лента.ру.

Германияның Шверин қалалық прокуратурасының мәліметінше, есімі аталмаған айыпталушы концлагерьде 1944 жылдың 15 тамызынан 14 қыркүйегіне дейін қызмет еткен. Айыпталушының қорғаушысы оның кінәлі еместігін дәлелдеуге тырысып отыр.

Bild газеті айыпталушының аты-жөнін жариялады. Басылымның жазуынша, оның есімі - Хуберт Ц. Газет оның эсэс киімімен түскен фотосуретін жариялады. Хуберт 1920 жылы дүниеге келген. СС-ке мүшелікке жиырма жасында өткен. 1942 және 1943 жылдары Хуберт Ц. Заксенхаузен және Нойенгамме лагерьлерінде санитар болып жұмыс істеп, кейін Освенцимге (Аушвиц) ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар