Германияда 74 жолаушы мінген қалааралық автобус аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Flixbus тасымалдаушы компаниясының қалааралық автобусы Лейпциг маңындағы автобанда жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жексенбі күні Bild газеті полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, бір адам қаза тауып, бесеуі ауыр халде жатыр және ондаған жолаушы жеңіл жарақат алған.

Автобуста барлығы 74 жолаушы болған. Жол-көлік апатының себебі әзірге белгісіз. Апат болған аумақтағы А9 автобанының учаскесі екі жағынан қоршауға алынды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерді тікұшақтардың көмегімен ауруханаларға жеткізуде.

Соңғы жаңалықтар