USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Германияда 72 жастағы қарт ұшақты көпірге апатты жағдайда қондырған

2021 жылғы 5 желтоқсан 10:31
Бөлісіңіз:
Германияда 72 жастағы қарт ұшақты көпірге апатты жағдайда қондырған

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германияның оңтүстік-батысында бір моторлы ұшақ апатты жағдайда қонды, ұшқыш жеңіл жарақат алды. Бұл туралы Пирмазенс (Рейнланд-Пфальцфедералды жері) қаласының полиция басқармасы Twitter-де жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемдегі ең кәрі ер адам дүниеден өтті Петропавл әуежайынан төрт қалаға ұшақ ұшып, рейстер саны ұлғаймақ Үндістанда теміржол апатынан тоғыз адам қаза тапты

Оқиға сағат кеше, сағат 12 шамасында болған. 72 жастағы ұшқыш ұшақты тікелей Рейнланд-Пфальцтағы 62 автобанындағы Шварцбахтальбрюкке көпіріне қондырған. Ұшақ тас жол бойымен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан, жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Ұшақ Франциядан Төменгі Саксонияға ұшып бара жатқанда кенеттен қозғалтқышы істен шыққан. Ұшқыш ұшақты қайда қондыратынын тез арада шешуге мәжбүр болған. Шварцбахтальбрюкке биіктігі шамамен 100 м, ол Шварцбах өзенінің алқабын кесіп өтеді. Автобанда шамамен сағат 18:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен жабылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT