Германияда 27 жыл комада жатқан әйел оянды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда 27 жыл комада жатқан әйел оянды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

БАӘ тұрғыны Мунира Абдулла 1991 жылы жол апатында басынан жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілген. Кейіннен диагноз қою үшін оны Лондонға жібереді. Дәрігерлер әйелдің комаға ұқсас, ауруды сезу қабілеті сақталған жағдайда жатқанын айтқан. Кейін оны еліне қайтарып, түткіпен азықтандырған, физиотерапиямен емдеген.

2017 жылы ханзада Абу-Даби Мохаммед бен Заид әйелдің қиын жағдайы туралы естіп, Германияда емдеу үшін қаражат бөлген. Бір жылдан кейін ол кейбір дыбыстар білдірген, тағы бірнеше күннен кейін ұлының есімін атап шақырған.

Әйел қазір Әбу-Дабиге оралып, отбасы құшағында әл жинап жатыр. Енді оған бұлшықет атрофиясын емдеу үшін физиотерапия қажет.

Соңғы жаңалықтар