Германия супермаркеттерінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын жедел тестілер сатылады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Немістің супермаркеттер желісі COVID-19-ды өз бетінше тестілеуге арналған жиынтықты сатуды бастады. Мұндай жиынтықтар тұрғындар арасында сұранысқа ие, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Немістің супермаркеттер желісінің бірі бес антигендік тест-жолақтан тұратын жиынтықты сатуды бастады. Бағасы – 25 еуро. Мамандар 96% сенімді деп бағалаған жедел тесттің нәтижесі 15 минутта көрінеді.

Неміс басылымының жазуынша, Дюссельдорфта таңғы 7.00-де супермаркет ашылар алдында шамамен 100 адам кезекке тұрған. Германияның басқа да азық-түлік дүкендері де жақын арада «жылдам» тесттерді сата бастайды.


Соңғы жаңалықтар