Германия министрі ел тұрғындарына 10 күндік азық қорын жасауды ұсынды

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазіргі кризис жағдайында тұрғындар аса қажетті тауарларды алып қойғаны дұрыс. Бұл туралы Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фейзер жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Қазіргі кризис көп дүниеге мұқтаж екенімізді анық көрсетті, яғни азаматтық қорғаныс туралы айтып отырмын. Егер электр жарығы ұзақ уақытқа сөнсе немесе күнделікті өмірімізде басқа бірдеңе болмаса, үйде аса қажетті азық-түліктерді алып қойған дұрыс», - деді неміс министрі.

Германияның ІІМ басшысы жергілікті тұрғындардың назарына төтенше жағдайда бір адамға он күнге қажетті азық-түлік тізімін ұсынды. Ол ұсынған он күндік базалық тамақ қоры мынадай: күніне 2 литр көлемінде сұйықтық, барлығы 20 литр; жарма, астық өнімдері, нан, картоп, макарон өнімдері, күріш: 3,5 кг; көкөністер, бұршақ тұқымдастар: 4 кг; жемістер, жаңғақтар: 2,5 кг; сүт, сүт өнімдері: 2,6 кг; балық, ет, жұмыртқа немесе тұтас жұмыртқа ұнтағы: 1,5 кг; майлар: 0,375 кг.

Германия тұрғыны азық-түлік қорын жоспарлағанда жеке қажеттілігін, диеталық талабы мен аллергиясын есепке алуы тиіс. Дәрі-дәрмектерге қатысты жеке тізім болғаны жөн, олардың арасында ауырсынуды басатын, суыққа қарсы, дезинфекциялық, диареяға қарсы және басқа да дәрі-дәрмектер болуы керек.


Соңғы жаңалықтар