USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Германия мен Аустрия коронавирусқа қатысты шектеуді күшейтті

2021 жылғы 19 қараша 08:05
Бөлісіңіз:
Германия мен Аустрия коронавирусқа қатысты шектеуді күшейтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германия үкіметі екпе алмағандарға қатысты қатаң шектеу енгізу және медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакциналау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді Денсаулық министрлігі: коронавирусқа шалдыққан 381 науқастың жағдайы ауыр Пневмония мен коронавирустан 18 адам қайтыс болды

Бұл туралы бейсенбіде канцлердің міндетін атқарушы және аймақ басшылары бастаған дағдарыс штабы отырысының қорытындысында белгілі болды. Роберт Кох институтының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирусты жұқтырушылар саны 65 370-тен асқан.

«Біз бұл оңай шешім емес екенін білеміз және егер вакцинациядағы алшақтық мұншалықты көп болмағанда, біз оңтайлы шешім қабылдай алар едік. Егер бізде екпе алғандар саны көп болса, қазір қабылдануы тиіс көптеген шара қажет болмас еді. Вакцина алу ешқашан да кеш емес, тіпті қазір де сіз қоғамды қорғауға үлес қоса аласыз», - деді Ангела Меркель. Германияда 2G ережесі қолданылады: қоғамдық орындарға (мейрамхана мен концерт залына) тек вакцина алған немесе Covid-19-бен ауырып шыққадар ғана кіргізіледі. 16 округтің 12-сінде 100 мың тұрғынға шаққанда үш коронавирусқа шалдығушы науқас тіркелген. Егер олардың саны алтыға жетсе, билік дүкен, бар мен мейрамханалар жабылатынын мәлімдеді. Мектептерді жабу әлі жоспарланбаған. Жоғарғы Аустрия мен Зальцбург федералды жерлерінің билігі 22 қарашадан бастап реанимация бөлімшелерінде жүктемелердің артуына байланысты барлық тұрғындар үшін карантин енгізу ниеті бар екенін жариялады.
Аустриялық баспасөз агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Аустрияның барлық аймағының басшылары федералды деңгейде локдаунды енгізу мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Аустриялық Сауда қауымдастығы осыған байланысты миллиондаған шығындар болуы мүмкін деп болжап отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT