Германия концерні СҚО-да комбайн құрастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның CLAAS трансұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы комбайндарды құрастыруға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бір жарым жыл бұрын құрылған «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Күзде электротехника зауытын іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде 300 адам жұмысқа қабылданды. Нысанның өнімдері экспортқа шығарылады. Бізге CLAAS трансұлттық компаниясы келді. Биыл неміс концерні алғашқы комбайндарды құрастырады. Әлемдік көшбасшы техниканы құрастыру арқылы шаруаларға арналған комбайнның құнын екі есе азайтсақ деп отырмыз», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол арнайы экономикалық аймаққа ресейлік инвесторлар да кіргенін айтты.

«Мәскеудегі «Велфарм» компаниясымен Петропавлда зауыт салу туралы келісімді бекіттік. Олар бұл іске 15 млрд теңге салуға дайын. Жалпы, облыста 75 жобаның пулы жасақталды, инвестициялар көлемі –1,8 трлн теңге», - деді Құмар Ақасақалов.


Соңғы жаңалықтар