Германия инфекция жұқтырғандар саны бойынша бесінші орында тұр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германия қазіргі уақытта инфекцияны жұқтырғандар саны (28,5 миллионнан астам, оның ішінде 141 мыңнан астамы қайтыс болған) бойынша әлемде бесінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Роберт Кох атындағы институттың (RKI) 5 шілдедегі мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирусты жұқтыру жүз мың адамға шаққанда 687,7 жағдайды (бір күн бұрын 650,5, өткен аптада 635,8 және өткен айда 257,6) құрады.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Германияның денсаулық сақтау органдары күніне 147 489 инфекцияның жаңа жағдайлары мен 102 өлімді тіркейтінін жазды. Бір апта бұрын күнделікті өсім 142 329 жағдайды құраған еді.

«Сарапшылар Германияда жұқтырудың нақты саны айтарлықтай жоғары екенін, өйткені көптеген жағдайлар танылмай қалып жатқанын атап өтті. Ресми статистикаға ПТР-тест негізінде расталған жағдайлар ғана кіреді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ал с оңғы тәулікте Италияда коронавирусты жұқтырудың 132 274 жаңа жағдайы тіркеліп, 94 науқас қайтыс болды. Бір күн бұрын 36 282 COVID-19-дың жаңа жағдайы анықталып, 59 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жүргізілген барлық зерттеулер арасында коронавирусқа оң сынақтардың үлесі өзгерген жоқ, яғни 28,4%-ға қарсы 27,9%.

Соңғы рет Италияда бір күнде анықталған коронавирус жағдайларының саны ақпан айында 100 мыңнан асты.


Соңғы жаңалықтар