Германия халқының жартысынан астамы вирусқа қарсы вакцина салдырған

None
None
БЕРЛИН. ТАСС-ҚазАқпарат - Германия халқының жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырып үлгерген. Бұл жайында сәрсенбі күні ГФР денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа көрсеткіш: әрбір екінші неміс (ересек халықтың 50,2 пайызы немесе 41,8 млн адам) коронавирустың екі компонентін де салдырып, коронавирустан толық қорғалды. Азаматтардың 61,1 пайызы (50,85 млн адам) екпенің кем дегенде бір компонентін ектірген» деп жазды елдің денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, неғұрлым көп адам вакцина алса, күз бен қыс соғұрлым қауіпсіз болады.

Елде вакцинация өткен жылдың желтоқсанында басталған болатын.

Ең алдымен қарттар, дәрігерлер, медқызметкерлер, маңызды әлеуметтік сала жұмыскерлері коронавирус екпесін салдырды.

Германияда америкалық Pfizer компаниясы немістің BioNTech әріптесімен бірге жасап шығарған вакцина, сонымен қатар америкалық Moderna, британ-швед AstraZeneca және тағы сол Johnson & Johnson компаниялары өндірген екпе қолданылып отыр.


Соңғы жаңалықтар