Германия газ қоймаларын жоспардан артық толтырып жатыр
Ресейден газ жеткізу көлемінің едәуір азайғанына қарамастан, жоспардың артығымен орындалып жатқанын Der Spiegel басылымы тиісті ведомствоның ішкі құжатына сілтеме жасай отырып хабарлаған болатын. Бұл хабарламаны Германия экономика министрлігінің өкілі растады.
«Газ қоймалары қарастырылғаннан тезірек толтырылып жатыр», - деді Германия экономика министрі Роберт Хабек (Robert Habeck) Der Spiegel-ге берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл қорды өнеркәсіп пен үй шаруашылығына газ жеткізу үшін пайдалануға болады.
Қоймалар газ тұтынудағы құбылмалылықты өтейді. Ол газ нарығындағы буфер тәрізді. INES газ және сутегін сақтау жүйелері операторлары қауымдастығының мәліметінше, қордың жедел толтырылуы жазда газ пайдалануды азайтып, солтүстік-батыс Еуропадан импорт көлемін ұлғайту арқылы мүмкін болған.
Фото: dw.com