+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Германия Федералды Республикасында халықтың 70% КВИ-ге қарсы екпе салдырды

2021 жылғы 23 қазан 21:18
Бөлісіңіз:
Германия Федералды Республикасында халықтың 70% КВИ-ге қарсы екпе салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германия Федералды Республикасында халықтың 70% вирусқа қарсы егілді, бірақ коронавирустың таралуы жалғасуда, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО стационарларында ем алып жатқан 325 сырқат оттегіге тәуелді Әлем жаңа штамның қаупін бағалап отыр Коронавирустың жаңа штамы әлемдік қаржы нарығына едәуір әсер етті

Елде 23 қазанға қарай SARS-CoV-2 инфекциясының апталық көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті.

Роберт Кох институты 100 000 адамға шаққанда 100 жағдай орын алғандығын жеткізді. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 100 000 тұрғынға шаққанда 67,7 жағдайды құрады. Бүгінгі таңда Германияда халықтың 66%-ы толығымен егілді, бұл шамамен 55 миллион адам. Вакцинаның бір дозасын алғандар саны - 57,5 млн.

Ревакцинация Моңғолияда жүргізіледі. Ел билігі COVID-19 вакцинасының үдеткіш дозасының тиімділігі туралы мәлімдеді.

Егер халықтың 30% - дан астамы вакцинаның үшінші дозасын алса, жаңа КВИ жағдайларының санын азайтуға болады, - деп мәлімдеді Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігі.

«Зерттеу нәтижелері бойынша бустерлік дозаны енгізгеннен кейін 14 күн өткен соң антиденелер деңгейі күрт артады және вакцинаның үшінші дозасы «дельта» нұсқасынан қорғаудың тиімділігін арттырады. Ревакцинация елде 25 тамызда басталды, ең алдымен медицина қызметкерлері мен қарт адамдар үдеткіш дозаны алды.

13 қыркүйектен бастап 18 жастан асқан барлық азаматтар вакцинацияланады. Бүгінгі күнге дейін 380 330 адам үдеткіш дозаны алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT