Германия «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 27 қаңтарында ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтың «ЭКСПО-2017» көрмесінің ГФР атынан Бас комиссары, Экономика және энергетика Федералдық министрлігінің Өкілеттісі Дитмар Шмитцпен кездесуі болып өтті.

Қазақстандық дипломат ңгімелесушісін елдің көрмеге дайындық аясында жүргізіп отырған көлемді жұмысы туралы ақпараттандырып, неміс тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл кешенінің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті. Б.Нүсіпов

Германияның көрмені Ганноверде өткізу тәжірибесін, сондай-ақ ГФР-да энергияның жаңартылмалы көздері мен эко-өнеркәсіптік инновациялар саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларын есепке ала отырып, неміс серіктестерін жобаға барлық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерді жеделдетілген пысықтаумен бұдан да белсендірек қатысуға шақырды.

ЭКСПО-ның неміс комиссары ГФР-дың Канцлері Ангела Меркельдің Германияның алдағы көрмеге қатысуы туралы жеке ресми растауын атап өтіп, өткен кезеңде неміс тарапы аталған бағытта қомақты жұмыс атқарғанын және қазіргі кезде германиялық павильон концепциясын құру және тиісті нобайлы шартқа қол қоюға дайындалу үшін ішкімемлекеттік процедцраларды аяқтап отырғанын айтты.

Шмитцтің айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі қазақстандық экономиканы табысты әртараптандыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. «ЭКСПО-2017» көрмесін халықаралық аренада таныстыру және әйгілендіру мақсатында неміс комиссары Берлинде 2016 жылдың 9-13 наурыз күндері өтетін әлемдік танымал «ITB-Berlin» халықаралық көрмесінде қазақстандық стендті шығаруды ұсынды.

Еске сала кетейік, Германия Еуроодақ елдерінің арасында бірінші болып «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуін растаған. 2015 жылдың маусымында ГФР үкіметі тендер өткізіп, соның қорытындылары бойынша «Hamburg Messe- und Congress GmbH» компаниясына Астанада неміс павильонын салу тапсырылған. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын павильонның жұмысына 100-ден астам қызметкер жұмылдырылатыны күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар