Германия экс-президентінің ұлын дәріс кезінде өлтіріп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1984 жылдан 1994 жылға дейін Германияның президенті болған Ричард фон Вайцсакердің ұлы 59 жастағы Фриц фон Вайцсакерге сейсенбі күні Берлин ауруханасында дәріс оқып жатқан кезде пышақ жарақатын алып, кешқұрым көз жұмды. Бұл туралы RBB ақпараттық порталы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, қанды оқиға Берлиннің Шарлоттенбург ауданында орналасқан марқұмның жұмыс істеген Schlosspark-Klinik емханасында болған. Белгісіз ер адам Фриц фон Вайцзеккер дәріс оқып жатқан уақытта оған жақындап келіп, пышақ сұққан.
Полицияның мәліметінше, дәріске қатысушылардың біреуі көмектеспек болған кезінде жарақат алды. Көп ұзамай оқиға орнына қауіпсіздік қызметкерлері келіп, тыңдаушылардың көмегімен қылмыскерді ұстады.
Оның әрекетінің себептері туралы дерек жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.
- Алматы тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағып жатыр
- Тұманда адасып қалған екі балықшы Самарқан су қоймасынан табылды
- Алматыда 16 жастағы студент екі күннен бері табылмай жатыр
- Қызылордада тротуарда көлік жүргізген тұрғын жазаға тартылды
-
Қостанайлық «103» қызметкерлері екі баланы отқа оранған үйден алып шықты
-
9 жасар жапон баласы математикадан ЖОО-ға арналған тест тапсырып, рекорд орнатты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам