Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы бастаған делегация Қазақстанға іссапармен келеді

None
None
ашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарашаның 9-да Астанаға Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Клаус Мангольдтың басқаруымен герман кәсіпкерлер делегациясы іссапармен келеді.

Бұл туралы бүгін елордада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Ресми өкілдің айтуынша, аталған делегация еліміздің мемлекеттік органдарында келіссөздер өткізіп, онда сауда-экономикалық және инвестиялық ынтымақтастықтың болашағы, яғни ГФР-ға қазақстандық энергетикалық ресурстарды жеткізуді кеңейту мүмкіндігі, герман компанияларының Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуы  және еліміз аумағына өндіріс қуаттарын салуы мәселелері қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар