Германия экономикасы құлдырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ГФР Федералдық статистикалық мекемесінің сарапшылары екі тоқсан қатарынан елдің ЖІӨ қысқарғанын тіркеді. Бұл Германияның техникалық рецессияға енгенін білдіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Федералдық статистикалық мекеме жариялаған мәлімет бойынша, биыл алғашқы тоқсанда ЖІӨ алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0,3%-ке қысқарған.

Былтыр төртінші тоқсанда ЖІӨ оған дейінгі тоқсанмен салыстырғанда 0,5%-ке төмендеді.

Сондай-ақ сарапшылар тұрғындардың сатып алу қабілеті төмендегенін атап өтті. Соған қарамастан биыл бірінші тоқсанда елде жұмыспен қамту артып, инфляция шамалы қысқарды.


Соңғы жаңалықтар