Германия Бундестагы мен Бавария ландтагының депутаттары алғаш рет ҰҚШҰ Тұрақты кеңесіне қатысты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі ҰҚШҰ-ның хатшылығында ҰҚШҰ хатшылығының басшылығы мен ұйымның Тұрақты кеңесінің мүшелері Бундестагтың Христиан-Социальдық одағы (ХӘО) бавариялық партиясының депутаттар делегациясымен кездесті. Бұл туралы ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.

Делегацияның құрамында Бундестагтың депутаты, Қорғаныс комитетінің мүшесі, ХӘО партиясының сыртқы саясат және қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы төрағасы Ф.Хан, Бундестаг депутаты, ішкі істер бойынша комитет мүшесі, ХДО фракциясының ішкі саясат бойынша жұмыс тобының төрағасы Штефан Майер, Бундестаг депутаты, Халықаралық істер бойынша комитет мүшесі Александр Радван, Бавариялық ландтаг, Федерация мен ЕО істері бойынша комитет және ЕО-ның аймақтық қатынастар бойынша мүшесі Александр Кенига болды.

Бавариялық депутаттармен бірге Ханнс Зайдель қорының басқарушы қызметкерлері, делегацияның Ресейге сапарын ұйымдастыруға септігін тигізген Людвиг Майлингер, Маркус Эм бірге жүрді.

Депутаттар ҰҚШҰ және мүше мемлекеттердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелер бойынша бірқатар сауалдар қойды, оған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжа жауап берді. Өз тарапынан, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдері Бундестаг депутаттарынан халықаралық жағдайдың кейбір мәселелері бойынша түсініктеме беруін сұрады.

Тұрақты кеңес өз отырыстарына ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің мемлекеттік және саяси қайраткерлерін, үшінші тарапты, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін шақырып отырудың қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар