Германия билігі елде төңкеріс жасамақ болғандар санының өсуі мүмкін екенін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Германияда қауіпсіздік органдары оң экстремистердің ісі бойынша тағы тінту жүргізіліп, осы іске қатысы бар адамдардың тұтқындалатынын жоққа шығармайды. «Рейхсбюргерлер» мемлекеттік билікті күшпен басып алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Террористік топ қатысушылары арасында әскерилер, тәртіп сақшылары мен бундестагтың экс-депутаты болған. Ауқымды полиция операциясы Германия, Аустрия және Италияда өтті.

«Айыптылар тізіміндегі адамдар саны қазіргі таңда 54 адамды құрайды. Кеше тағы екеуі ұсталды. Осы іске қатысы болуы мүмкін тағы басқа да адамдарды анықтадық. Ұсталушылар саны тағы да өсуі мүмкін», - деді Қылмыстық істер жөніндегі федералдық ведомство басшысы Хольгер Мюнх.

Биліктің мәліметінше, операцияға құқық қорғау органдарының 11 федералдық жеріндегі 3000 астам қызметкері тартылды. Ұсталушылар арасында Ресей азаматшасы да бар. Еске салайық, бұған дейін Германия полициясы билікті күшпен құлатуға дайындық жүргізген «ішкі террористік ұйымның» 25 күдікті мүшесі мен жақтастарын тұтқындаған болатын.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар бұл төңкерісті біраз уақыттан бері жоспарлаған, тек оңтайлы сәтті күтіп отырған екен.

Фото: Paul Zinken/dpa


Соңғы жаңалықтар