USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Германия билігі COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етпек

2021 жылғы 3 желтоқсан 09:50
Бөлісіңіз:
Германия билігі COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етпек

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германия 2022 жылдың ақпанына қарай COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған тұрғындарға вакциналауды міндетті етеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан өңірлерінің басым бөлігі әлі «қызыл» аймақта тұр Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды 3 657 науқас коронавирустан жазылды

«Төртінші толқын тез арада тоқтатылуы керек», - деді ГФР канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні жаңа санитарлық шараларды хабарлау барысында. ГФР билігі жақын арада жұқтыру жағдайларын азайтуды көздеп отыр.

Жаңа ережерелерге сай, екпе салдырмаған тұрғындарға бөлшек сауда дүкендеріне кіруге тыйым салынады. Бұл қатарға дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттері кірмейді. Одан бөлек, вакцина алмаған адамның әлеуметтік ортасы едәуір шектеледі – отбасыдан тыс екі адамды ғана қабылдауға рұқсат етілген. Сонымен қатар оларға бар мен мейрамханаларға кіруге тыйым салынған.

Германия билігі Бундестагтың 2022 жылдың ақпанына қарай елде міндетті вакциналау мүмкіндігін енгізуді талқыға салатынын растады.

«Вакциналау туралы талап ақпанда күшіне енеді, оған дейін вакцина алмаған азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе салдыруға жеткілікті уақыты бар», деді А. Меркель.

- Біз вакциналауды міндетті ету қажет емес деп үміттендік. Алайда вакциналау – пандемияны жеңудің жалғыз жолы, сол себепті оны міндетті ету туралы шешім қабылдауымыз керек, - деп қосты ол.

Германияда коронавирус жұқтырғандар қатары соңғы апталарда тез өсіп келеді. Көршілес Нидерланды мен Бельгияда да жағдай осындай.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT