Германия әуежайларында жұмысшылар ереуілге шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 17 ақпан күні таңертең әуежайлар ереуілге шығып, бұл жағдай елдегі әуе қозғалысының тоқтап қалуына әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ереуіл осы науқанға қатысқан жеті әуежайдың ішінде түнгі уақытта жұмыс істеуге рұқсат етілген Ганновер әуежайынан басталды.

Ver.di кәсіподақ ұйымының мәліметінше, Ганновер әуежайы іс жүзінде жұмысын тоқтатқан.

Ереуілді ұйымдастырушылар Майндегі Франкфурт, Мюнхен, Штутгарт, Бремен, Гамбург және Дортмунд әуежайларындағы барлық рейстерге мүмкіндігінше кедергі жасамақ ниетте.

ADV әуежайлар қауымдастығының бағалауынша, 2340 рейстің тоқтатылуынан 300 мыңға жуық жолаушы жоспарлаған жеріне ұша алмай қалады.

Бірлестік болып жатқан жағдайды еңбек жанжалының бұрын-соңды болмаған өршуі деп атады.

Бір ғана Lufthansa әуе компаниясы 1300-ге жуық рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.

Ұшудан жаппай бас тарту әуежайларда 15 ақпанда ғана түзетілген ауқымды компьютерлік ақаудан кейін орын алды.

Қазіргі уақытта Германиядағы мемлекеттік сектор қызметкерлері наразылық шараларын тек әуежайларда ғана емес, басқа жерлерде де өткізіп жатыр.

Олардың басты талабы - еңбек жағдайын жақсарту. 17 ақпанда жұмысшылардың талаптарын қолдауға арналған жаппай ереуілге шығу жоспарланған.

Ver.di 2,5 млн қызметкері үшін жалақыны 10,5 пайызға көтеруді және 500 еуро көлемінде бір реттік төлем өтеуді талап етеді. Еңбек шартының мерзімі 12 ай болуы керек.

Жұмыс берушілер бұл талаптарды қабылдамай отыр. Келіссөздің келесі раунды 22-23 ақпанда Потсдамда өтеді деп белгіленді.

Фото: dw.com


Соңғы жаңалықтар