Германия Аргентинаны 4:0 есебімен ұтты

None
None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Германия Аргентинаны 4:0 есебімен ұтты.

Ойынның басталғанына не бәрі 3-ақ минут өткен кезде неміс жартылай қорғаушысы Томас Мюллердің баспен бағыттаған добы Ромеро қорғаған қақпада тулап жатты. Осыдан кейін де екі жақта да ұрымтал сәттер болғанымен ойынның бірінші бөлімі немістердің басымдығымен аяқталды. Екінші таймда да немістер тамаша ойын өрнегін көрсетіп, 68-ші минутта шабуылшы Мирослав Клозе, араға 6 минут салып Бастиан Швайнштайгердің әдемі шығарған пасын қорғаушы Арне Фридрих қақпаға дәл бағыттады. Ал ойынның аяқталына санаулы сәттер қалған мезетте неміс шабуылшысы Мирослав Клозе Аргентина қақпасына жауапсыз 4-ші голды соқты.

Немістің ұлттық футбол саңлақтарын тамаша жеңісімен чемпионат ойынына қатысқан ГФР канцлері Ангела Меркель құттықтады.

Соңғы жаңалықтар