Геосаяси жағдай сағаттарымызды салыстыру қажеттігін меңзеп тұр –ҚР Президенті
2022 жылғы 19 тамыз 19:30

Геосаяси жағдай сағаттарымызды салыстыру қажеттігін меңзеп тұр –ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтың болашағы туралы пессимстік болжамдар айтуға ешқандай негіз жоқ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласындағы сапары аясында өткен Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Геосаяси ахуалдың ерекшелігі сағаттарымызды салыстырып, тексеруді қажет екенін меңзейді. Бәлкім Үкіметтерге қосымша тапсырма беру керек болатын шығар. Олар бір-бірімен табысты жұмыс істеп, өзара әрекет етіп жатыр. Сонда да өмір шешімін табуды қажет ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Жалпы арадағы серіктестіктің дамуына қанағаттануға барлық негіз бар. Бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді әлемдегі ең ұзын құрлықтық толық шегенделген шекара біріктіріп тұр. Сондықтан, әрине, болашағымызға қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Президент, сондай-ақ екі арадағы жан-жақты ынтымақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде бүкіл саладағы көпжақты әріптестігімізге қосымша серпін беруге ынталымын»,- деді деді Қазақстан басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына барған.





Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT