Геосаяси жағдай кеден баждарына кері әсер етті - министр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында кеден баждарына қатысты жоспардың неге орындалмай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Корпоративтік табыс салығы мен импорттық кеден бажы салығына қатысты жоспар орындалмады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2022 жылғы 8 айда 629 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ке азаюына байланысты. Импорттық кеден баждары бойынша жоспардың орындалмауы геосаяси жағдай мен санкцияларға байланысты болды», - деді министр.

Сондай-ақ ол жергілікті бюджеттің кірісі 3,3 трлн теңгеге жеткенін айтты.

«Жоспар 345 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 323 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар Түркістан және Маңғыстау облыстарынан басқа, барлық өңірлерде нәтиже жоспардан жоғары»,- деді Ерұлан Жамаубаев.



Фото:primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар