Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Геологтер мен инвесторларға арналған қатты қазбалар атласы жасалып жатыр

2022 жылғы 19 мамыр 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қ. Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты геологтер мен инвесторларға арналған қатты пайдалы қазбалардың атласын жасап жатыр. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы 5 жылда бағдарлама бойынша нысаналы қаржыландыру арқылы тереңде жатқан объектілерді барлау, соның көмегімен жаңа кен орындарын ашу жоспарланған.

Биыл осы тәсілмен Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты 3 жобаны жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қ. Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты қатты пайдалы қазбалардың атласын жасап жатыр. Бұл атлас геологтер мен инвесторларға нұсқаулық болады», - деді Талғат Сатиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Аталған шарада Қазақстан геологтарының Каспий табанынан 15 шақырымдық ұңғыма бұрғылауды жоспарлап отырғаны айтылды.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме