Геологиялық барлауға инвестиция тарту ұсыныстары 1 ай ішінде әзір болуы тиіс - Экология министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың мамырында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бағдарламасы қабылдануы тиіс. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Геологиялық саланың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Осыған байланысты зерттеулердің тереңдігін арттыру арқылы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру қажет. Сарапшылардың болжамдық бағалауы бойынша жаңа кен орындарын ашу үшін үлкен әлеует бар», - деді ол.


Мағзұм Мырзағалиев өз сөзінде Мемлекет басшысы министрлікке 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Геология комитеті бағдарлама жобасын әзірлеуді аяқтауы қажет. Содан кейін оны келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, осы жылдың мамыр айының соңына дейін қабылдауы тиіс. Сондай-ақ, Санжар Серікбайұлы геологиялық барлауға инвестиция тарту жұмыстарын жүргізу қажет. Бір ай ішінде нақты ұсыныстар беруді сұраймын», - деді министр орынбасары Санжар Жаркешовке қарата.


Соңғы жаңалықтар