+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Геннадий Шиповских қазақшасы «ақсап» тұрған шенеуніктер туралы айтты

2020 жылғы 25 қыркүйек 16:41
Бөлісіңіз:
Геннадий Шиповских қазақшасы «ақсап» тұрған шенеуніктер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кей мемлекеттік қызметші «қараны қара, ақты ақ» деп қазақ тілінде түсіндіріп те бере алмайды. Бұл туралы «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» атты онлайн-конференциясында Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінгі таңда жастарға қатысты сапалы әрі қызықты контент қалыптастыру қажет. Яғни, жастарымызды қазақ тіліне қызықтыратындай контент керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қазақ тілінде сөйлеу үшін осы бағыттарға нақты мән бергеніміз жөн. Сонымен қатар шетелден келетін кинотуындыларға қазақ тілінде дубляж жасалуы тиіс. « Болашақ « қауымдастығы көптеген кинотуындыны қазақ тіліне аударғанын білеміз. Олардың біраз жобаларының тұсаукесеріне барып, Голливуд актерлері қазақ тілінде сөйлеген кезде рухтанып қайтқан едік. Меніңше, осы дубляж мәселесін Мәдениет министрлігімен бірлесіп шешсек, абзал болар еді»,- деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол кинотеатрлар қазақ тіліне дубляждалған фильмдерді, қазақ режиссерлері түсірген фильмдерді прайм-тайм уақытында көрсетуі тиістігін баса айтты. Мұнан бөлек депутат мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктердің де бар екендігін айрықша атап өтті.

«Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте немесе өңірлерге барғанда кейбір мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінде сөйлеген кезде «ақсап» жатады. Тіпті, «қараны қара, ақты ақ» деп қазақ тілінде түсіндіріп те бере алмайды. Бұл, халық арасында теріс көзқарас қалыптастырады. Меніңше, осыған да мән беруіміз керек. Мәселен, «Таңшолпан» бағдарламасының тілшілері еліміздегі бір министрлікке хабарласып, қазақ тілінде спикер сұраса мемлекеттік тілде сөйлеп бере алатын спикерлерінің жоқ екендігін айтыпты. Осындай үлкен министрлікте қазақша түсіндіріп бере алатын маманның жоқтығына таңғаламын», - деді Геннадий Шиповских.

Фото: assembly.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT