Геннадий Головкиннің жекпе-жектері енді DAZN арнасынан көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин DAZN телеарнасымен екі жекпе-жекке келісімшарт орнатты, деп хабарлайды «Qazsport» телеарнасы.

Головкин чемпиондық деңгейдегі спорттық жолының көп бөлігін НВО телеарнасында өткізген болатын, алайда, 2018 жылдың соңында кабельдік тележүйе енді боксты көрсетпейтінін және 2019 жылдан бастап бокс жекпе-жектерін трансляцияламайтыны туралы шешім қабылдаған.

Головкиннің негізгі таңдауы үш телеарнаға түскен - бұл АҚШ аумағында Эдди Хирн басқарған DAZN, Эл Хэймон басқарған Boxing Champions және Боб Арум жетекшілік еткен ESPN еді.

DAZN бірінші жекпе-жекті өткізу үшін басқалардан гөрі аз қаржы ұсынған болатын. Алайда, келісімшарт талаптары бойынша, Головкиннің бұл телеарнадағы екінші жекпе-жегі Альвареспен болуы әбден мүмкін. Геннадийдің бұл екі айқас үшін алатын гонорары кем дегенде 10 миллион долларды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар