Геннадий Головкиннің шетелдік P4P рейтингіндегі орны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BoxingPlug.com сайты өз нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Олардың рейтингінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес көш бастап тұр.

Сондай-ақ үздік үштіктің қатарына америкалық боксшылар Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс енген.

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жетінші орынға тұрақтаған.

Олардан бөлек ТОП-10 боксшының қатарында Тайсон Фьюри, Теофимо Лопес, Наоя Иноуэ, Артур Бетербиев, Александр Усик және Джош Тейлор бар.

Еске сала кетсек, желтоқсанның ортасында Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғап, рекорд орнатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар