Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Геннадий Головкиннің келесі айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

2019 жылғы 17 сәуір 07:53 585
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкиннің келесі айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) маусымда рингке оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады «Сарыарқа» ЖХЛ-дың екінші финалдық матчында жеңіске жетті

Ол 8 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында 35 жастағы канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі. Бұл туралы Туиттерде Yahoo! Sports журналисі Крис Мэнникс жазды. Ол DAZN стримингтік платформасында - Головкиннің жаңа серіктесінде жұмыс істейді.

Еске салайық, Геннадий соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткізді. Ол төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен (51-1-2, 34 КО) жеңіліп қалды. Роллс соңғы рет 15 желтоқсанда рингке шығып, төрешілердің шешімімен америкалық Кеандр Лезервудты (21-6-1, 13 КО) жеңген еді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT