Геннадий Головкиннің қарсыластары әлсіз - Э.Мұхаммад

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы әлем чемпионы, танымал америкалық жаттықтырушы Эдди Мұстафа Мұхаммад WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келешегіне үміт артпайтынын білдірді, деп жазады sports.kz.

«Мен Головкинге төбелесе алмайтын қарсыластарды таңдайды деп ойлаймын», - деді Мұхаммад спортшының Рубиомен айқасын еске салып. Сондай-ақ, Эдди Геннадий Головкин әзірше, Андре Уордқа қарсы шығуға лайықты емес екенін, ал шығатын болса, «одан жеңіледі» деп есептейтінін білдірді. «Тек Андре Уордқа қарсы емес. Уорд адал спортшы, ол Флойдты әлемнің үздік боксшысы орнынан оңай шығарған», - деді Эдди Мұстафа.

Соңғы жаңалықтар