Геннадий Головкиннің былғары қолғабы 8 млн теңгеге сатылды

None
None
ЩУЧЬЕ. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің былғары қолғабы Бурабайда өтіп жатқан қайырымдылық бәссаудасында 8 млн. теңгеге сатылды. Оны отандық кәсіпкер Райымбек Баталов иеленді.

Бұған дейін 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылған еді.

Сондай-ақ, Винченцо Нибалидің Джиро д'Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға - 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.

Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталды. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.

Charity Tour de Burabay - жыл сайын өтетін қайырымдылық веложарысы, биылғы веложарыс 27 тамыз күні Щучье-Бурабай курортты аймағында өтіп жатыр. Шарадан түскен барлық қаражат Ақмола облыстық ауруханасындағы және Ақмола облыстық өкпе аурулары санаторийіндегі балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.

Алғашында 20 млн. теңге жинау көзделсе, қазірдің өзінде қоржынға 30 млн-ға жуық теңге түсіп үлгерген.

 

Соңғы жаңалықтар