Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үш үміткер бар - DAZN

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үш үміткерді қарастырып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Олар – украиналық боксшы Сергей Деревянченко, бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия және орта санаттағы WBA (Regular) белбеуінің иегері жапондық Риота Мурата.

Дегенмен, осының ішіндегі ең мүмкіндігі көп үміткер - Сергей Деревянченко. Онымен GGG IBF әлем чемпионы титулы үшін айқаса алады. Бұл титул жақында босап қалуы мүмкін, себебі қазіргі белбеу иесі Сауль Альварес оны қайтадан қорғауға ниетті емес. Бұл жағдайда IBF мексикалық боксшыны титулдан айырып, оны Головкин – Деревянченко айқасының жеңімпазына береді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке 14 қыркүйекте оралады деп күтілуде.



Соңғы жаңалықтар