Геннадий Головкинге мамырда жекпе-жек өткізуге жаңа ұсыныстар жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мамыр-маусым айларында жекпе-жек өткізуді қаласа, кімдер оған қарсылас болуы мүмкін екенін санап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz.

Олар, ең алдымен: Роб Брант, Давид Лемье, Джермалл Чарло, сондай-ақ Сергей Деревянченко, Мацей Сулецки, Джек Кулькай, Мэтт Коробов, тіпті Эскива Фалькао да бар.

Еске сала кетейік, орта салмақтың алыптары мамыр айында бос болмайды. Атап айтар болсақ, Сауль Альварес америкалық Дэниэль Джейкобспен, Деметриус Андраде британ боксшысы Билли Джо Сондерспен кездеседі. Бұдан тыс, Головкин жаңа телевизиялық әріптесін де таңдауы тиіс. HBO арнасынан кеткен соң, оған DAZN және Premier Boxing Champions компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар