Геннадий Головкинге қысым көрсетуге тырысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғашқы орта салмақтағы WBA титулының иегері Эрисланди Лара қазақстандықтың АҚШ-та 18 наурыз күні өткен Дэниэл Джейкобспен болған жекпе-жегін сынға алды. Аталмыш кездесуде Головкин төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар, Лара Геннадий сол кездесуде жеңіске лайықты емес еді,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Оған жеңісті алып берді, бұл бизнес және онымен күресу өте қиын. Головкин мықты боксшы, алайда ол ешкім жеңе алмайтын дүлей күш иесі емес. Мен Джейкобстың 7 раундта өзінің мықты боксымен жеңгенін байқадым. Ал егер Головкин рингке менімен шығатын болса, оның жағдайы қиын болады»,-деп мәлімдеді Кубадан шыққан америкалық боксшы.

Осындай бағытта бокс әлеміндегі беделді агенттердің бірі Эла Хэймона Алекс Вайсфельд те пікір білдірді. «Головкин бәрін нокаутпен жеңе алмайтыны түсінікті»,-дейді ол.

Өзіне сын айтқан және оның жеңісіне күмән келтіретін адамдардың барлығына орта салмақтағы және үш (WBA, WBC и IBF) әйгілі дәрежелердегі әлем чемпионы өзінің жақындағы жекпе-жегі кезінде жауап беретін болады.

Ол жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты белгілі. Кездесу Головкин елшісі болып табылатын ЭКСПО көрмесі аясында Астанада 17 маусым күні өтеді. Алайда әзірге осы кездегі әлем бойынша ең мықтылардың бірі саналатын боксшыны кездесуге шақыратын қарсыластың есімі белгісіз болып тұр.

Соңғы жаңалықтар