Геннадий Головкинді кімдер жеңе алады?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкинді жеңе алатын орташа салмақтағы боксшылардың рейтингі құрылды. Аталған рейтингті Tofight.ru басылымы дайындады, деп жазады vesti.kz.

Tofight.ru басылымы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңе алатын спортшылардың рейтингін жасады.

Үздік «бестікке» франциялық боксшы Хассан Н'Дам Н'Жикам, америкалық боксшылар Питер Куиллин мен Остин Траут, ирландиялық Энди Ли және пуэрторикалық Мигель Котто кірді.

Соңғы жаңалықтар