Геннадий Головкинді аңыз адамдар қатарына қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Rummy’s Corner Youtube-арнасы орта салмақтағы біртуар боксшылардың тізімін жариялады, олардың қатарында 38 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бірақ «супержұлдыз» атағын оның басты қарсыласы мексикалық Сауль Алвареске берген.

«Аңызға айналған ұлы боксшылардың көбі мансабының бір кезеңінде орта салмақта рингке шыққан: Шугар Рэй Робинсон, Марвин Хаглер, Чарли Берли, Карлос Монсон, Гарри Греб — бұл олардың бір бөлігі ғана. Сонымен қатар жақында Рой Джонс, Джеймс Тони және Бернард Хопкинс те осы қатарды толықтырды. Ал қазір бізде супержұлдыз Сауль Алварес пен аса құрметті Геннадий Головкин бар.

«Канело» - қазіргі WBA чемпионы, Головкин – IBF чемпионы, Джермалл Чарло – WBС, Деметриус Андраде — WBO», - деп атап өткен Rummy’s Corner.


Соңғы жаңалықтар