23.05.2023 09:30 Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін неміс Винченцо Гуальтьеримен (20-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.05.2023 12:55 «Канелоның» бұрынғы қарсыласы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті АСТАНА. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы «абсолютті» чемпион Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған британдық Джон Райдер алда үлкен кездесулер өткізуде қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
15.05.2023 11:44 Димаш пен Головкин қазақ боксшыларын әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады АСТАНА. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенов пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қазақ боксшыларын Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңіімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 09:06 «Канело» бауырларымен бірге Гиннесс рекордтар кітабына енді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 6 інісімен Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
15.03.2023 22:35 IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингіні жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
15.03.2023 21:13 Бұрынғы әлем чемпионы Дэнни Гарсия Головкинді рингке шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
10.03.2023 14:09 GGG әлем чемпионы титулынан бас тартқаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын таңдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің аңызға айналған отандасы Геннадий Головкин WBA Super және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарынан бас тартуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.03.2023 09:20 Головкин ресми түрде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты АСТАНА. ҚазАқпарат – Геннадий Головкиннің командасы боксшының енді орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» емес екенін хабарлады, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
09.02.2023 09:12 Әлем чемпионы титулынан бас тартқан Головкинге міндетті қарсылас белгіленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
08.02.2023 09:54 Геннадий Головкин әлем чемпионы титулынан бас тартқаны хабарланды АСТАНА.ҚазАқпарат - Бразилиялық журналист Уилсон Балдинидің ақпаратына сәйкес, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
31.01.2023 20:25 Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне енді АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналының ресми сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Instagram-дағы «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.
21.01.2023 13:59 Британдық боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Британдық боксшы Крис Юбэнк WBA Super/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ол үшін Крис Юбэнк отандасы Лиам Смитті бүгін өтетін айқаста жеңуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
17.01.2023 11:50 Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді АСТАНА.ҚазАқпарат - Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
14.01.2023 10:43 Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің жоспарын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG жасы ұлғайған сайын өзінің ең жақсы жылдарында онымен жұдырықтасуға батылы бармайтын басқа боксшылар үшін әлдеқайда тартымды нұсқаға айналғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
09.01.2023 15:29 Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде Головкинге жақындады АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
26.12.2022 07:43 Головкиннің Муратаға тарту еткен шапаны музейге қойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
03.12.2022 11:19 Головкиннің келесі қарсыласымен жүргізген келіссөздері туралы белгілі болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Boxingscene.com журналисі Джейк Донован WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгияның жекпе-жегі жақын арада болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
28.11.2022 16:18 Геннадий Головкиннің танымал рейтингтегі орны төмендеді АСТАНА. ҚазАқпарат – vRINGe.com сайты екінші орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Ол тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
26.11.2022 17:49 Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылар тізіміне енді АСТАНА. ҚазАқпарат – The Ring журналының сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, оған Қазақстанның екі бірдей боксшысы енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
20.11.2022 12:15 Хайме Мунгия келесі қарсыласы ретінде Головкинді таңдағанын мәлімдеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) аргентиналық Гонсало Гастон Корияны (21-6, 8 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.