Геннадий Головкин: «Жұртшылық Ханның жылдамдығын дұрыс бағаламай отыр»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Әмір Хан мен Сауль «Канело» Альварестің арасында 7 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс әлеміндегі сарапшылар мен адамдардың көбі Канелоның сөзсіз жеңетініне сенімді, алайда GGG британдықтың одан шебер қарсыласына қарсы тұрар шамасы бар деп санайды.

«Жұртшылық Ханның жылдамдығын дұрыс бағаламай отыр», - деп жазды Головкин өзінің твиттерінде, хабарламасына #CaneloVsKhan және #Khanelo хэштегтерін қосып.

Соңғы жаңалықтар