+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Геннадий Головкин жеңіске жетті

2019 жылғы 6 қазан 09:50
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің айқасын 2020 жылы болатын үздік жекпе-жектер тізіміне енгізді «Канелоның» келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды WBC Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды қатаң жазалайды

Боксшылар орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулына таласты.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Головкиннің бірнеше соққысынан кейін Деревянченко тепе-теңдігін жоғалтып алды. Нокдауннан кейін қазақстандық боксшының басымдығы айқындала түсті. Әсіресе, 2-раундта сол қолымен ұрған жойқын соққысынан кейін украиналықтың оң жақ қасы жарылып кетті. Бірақ, төрешілер айқасты тоқтатпады.

Кейінгі раундтарда Деревянченко жақын қашықтықта жүріп, сериялық соққылармен ұпай алуға әрекет етті. Ал Головкин қарсыласының ашылуын күтіп, арагідік-арагідік дәл соққылар бағыттады.

6-7 раундтардан бастап боксшылар біртіндеп ашық айқасқа көшті. Екеуі де аянып қалған жоқ. Кейінгі раундтарда Деревянченко керемет шапшаңдық танытты. Тартысты айқас 12-ші раундқа дейін жалғасты.

Төрешілердің шешімімен, жекпе-жек Геннадий Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT