+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

2019 жылғы 9 маусым 09:17
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші раундта екі боксшы да бір-бірін зерттеп бақты. Геннадий Головкин бірінші нөмірмен бокстасты. Ал Стив Роллс шегініп жүріп, жұдырық сермеді. Арасында жылдам қимылмен Генаны соққының астына алуға тырысты. Кейбір сериялы соққылары діттеген жеріне жетті. Головкин джебпен ұрып жүріп, төртінші раундта сол қолмен ұрған екі бірдей xукпен Роллсты нокаутқа түсірді

Осылайша, орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз Әли Ахмедов тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлден басым түскен болатын.
Боксшы үлкен мүмкіндік жасаған Геннадий Головкинге алғыс айтты.
Ал Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Бақтияр Эюбов америкалық Брайан Себальоға есе жіберді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT