Геннадий Головкин жапониялық қарсыласын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда ол мерзімінен бұрын аяқталды.

Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті. Онлайн режимдегілер үшін qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі.

Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.

Еске салсақ, кеше «GGG» 40 жасқа толды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады .


Соңғы жаңалықтар