Геннадий Головкин WBA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBA) ай сайынғы рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімнің үздік 15 боксшысы қатарында Қазақстаннан тек Геннадий Головкин бар. Ол өз дивизионында бұрынғыша Давид Лемьеден кейінгі екінші орында тұр. Үшінші позицияға америкалық Брэндон Адамс орналасқан. Орта салмақтың «суперчемпионы» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, Regular титулына америкалық боксшы Роб Брант иелік етіп отыр.

Еске сала кетейік, қазақстандық тағы бір спортшы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы «қарапайым» әлем чемпионы атанған.

 

Соңғы жаңалықтар