Геннадий Головкин WBA рейтингінде көш бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа рейтингтегі қазақстандық боксшылардың орны:

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы 15-орнын сақтап қалды. Осы санаттың үздіктер үштігін британиялық Джон Райдер, ресейлік Федор Чудинов және тағы бір британиялық боксшы Кіші Крис Юбэнк түйіндеп отыр.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2-орыннан 1-орынға көтерілді, одан кейінгі орындарда поляк спортшысы Камил Шеремета мен америкалық Брэндон Адамс тұр. Ал қазіргі «суперчемпион» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, «қарапайым» чемпион - АҚШ өкілі Роб Брант.

Бірінші орта салмақ санатында Нұрсұлтан Жаңабаев 15-сатыда қалды. Осы топты британиялық Келл Брук бастап тұр. Екінші орында - кубалық Эрисланди Лара, ал үшінші - америкалық Джермелл Чарло.

Соңғы жаңалықтар