Геннадий Головкин WBA-ның әлем чемпионы титулын қорғап қалды

None
None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, 30 жастағы қазақстандық боксшы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өзінің 2013 жылғы алғашқы кездесуін 26 жастағы американдық Габриэль Росадоға қарсы өткізді. Жеңіске жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберген Қазақстан спортшысы жетті.

Бұл Головкин үшін кәсіби рингтегі 25-інші жеңіс болды. Соның 22-сінде қазақстандық боксшы кездесуді соңына жеткізбей аяқтады. Росадо үшін бұл 21-інші айқас болды, бұл оның мансабындағы алтыншы жеңіліс.

Еске салайық, 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Г. Головкин 2013 жылы бес кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар