Геннадий Головкин «Үздік боксшы» номинациясына ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) «Үздік боксшы» номинациясына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Телеарнаның Twitter парақшасында жарияланған дауыс беруге арналған орта салмақтағы әлем чемпиондарының тізіміне Геннадий Головкиннен бөлек Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), Риота Мурата (16-2, 13 КО), сондай-ақ, кіші Крис Юбэнк (31-2, 23 КО) мен Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) енген.

Көптеген жанкүйерлер комментарийде Головкинді қолдап, пікір қалдырып жатыр.

Дегенмен, 39 жастағы қазақстандық боксшының өткен жылы бір де бір жекпе-жек өткізбегенін еске саламыз.

Соңғы рет Геннадий Головкин рингке 2020 жылдың желтоқсанында шыққан.

Ол польшалық боксшы Камил Шереметаны (21-2-1, 5 КО) жетінші раундта қапы қалдырып, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар