Геннадий Головкин стилі тартымды боксшылардың үздік бестігіне кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – TheFight-Site.com сайтының Twitter-дегі авторы сүйікті боксшыларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында стилі тартымды боксшылар тізімінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Сондай-ақ, бұл тізімге екі украиналық чемпион - Василий Ломаченко мен Александр Усик, тайлық боксшы Срисакет Сор Рунгвисай мен жапондық Наоя Иноуэ енген.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) ақпанда рингке оралып, поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жекте IBF белбеуін қорғауы тиіс. Бұл айқас туралы келесі аптада хабарланады.

Фото: vk.com/ggolovkin

Соңғы жаңалықтар