Геннадий Головкин Штурм-Штиглицтің жекпе-жегін тамашалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Германияда рингке екінші орташа салмақ бойынша WBO нұсқасы титулының бұрынғы иегері, 33 жастағы Роберт Штиглиц пен орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 35 жастағы неміс спортшысы Феликс Штурм шықты.

Он екі раундтың қорытындысы бойынша бір төреші жеңісті 115-113 есебімен Штурмға, ал екінші төреші дәл осындай есепті Штиглицке берді, үшіншісі болса 114-114 есебімен тең ойын болды деп есептеді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да қарымта матчт өткізуге ниеттерін білдірді.

Бұған дейін бұл айқастың жеңімпазымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеген, осы жекпе-жекті тамашалаған WBO бойынша орташа салмақтағы чемпион Артур Абрахам бұл бәсекеде Штурм жеңді деп есептейді. Осында болған орташа салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкин болса, төрешілерінің шешімімен келісті, деп хабарлайды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар