Геннадий Головкин пен Мартин Мюррей алдағы жекпе-жек туралы ресми түрде жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) мен британдық Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) алдағы уақытта болатын жекпе-жек туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com-ға сілтеме жасап.

Геннадий Головкин мен 32 жастағы британдық спортшы Лондонда өткен баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті. Естеріңізге сала кетейік, боксшылар арасындағы айқас 21 ақпан күні Ларвотто (Монако) ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар